Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Елордадағы көлік апаты: Автобус жүргізушісі мерт болды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 11:32 1492

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана LRT» елордада үш автобустардың апатынан мерт болғандар туралы ақпаратты мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаза болғандардың бірі  - ол бірінші болып соқтығысқан автобус жүргізушісі. Қазіргі кезде апаттың себептері анықталып жатыр. Яғни автобус жүргізушісінің көліктердің соқтығысуы кезінде немесе апатқа дейін көз жұмғандығы белгісіз болып тұр», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Оның сөзіне қарағанда, мерт болған адамның аты-жөні және оның қай автобуста отырғандығы нақтыланып жатыр.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде тарап кеткен видеодан қала маңы бағдарындағы № 303 автобус қатты жылдамдықпен тоқтап тұрған автобусқа соғылғаны айқын көрініп тұр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.

26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің қақтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 автобуспен соқтығысты. Соның екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды.

 

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан, Көлік,
Жоғары қарай