Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайының қызметі уақытша тоқтатылады

2019 жылдың 18 сәуір 2019 23:43 972

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» спорт сарайының қызметі уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарланып отырғандай, «Қазақстан» спорт сарайының тірек конструкциялары мен ғимарат түйіндеріне кешенді тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесі бойынша бассейн конструкциясының апат алдындағы жай-күйі туралы қорытынды алынып, бассейн қабырғаларының салмақ көтеру қабілеттілігі мен экплуатациялық жарамдылығының айтарлықтай төмендегені туралы дәлелдер келтірілген.

«Ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын орындамау және жекелеген конструктивтік бөліктер мен элементтердің бастапқы сенімділігінің төмендеуінен конструкцияны монтаждау технологиясының бұзылуы себебінен іргетастардың, қаңқаның және ғимараттың қоршау конструкцияларының техникалық жай-күйі тұтастай алғанда III санат бойынша бағаланды. Атап айтқанда, нысанның барлық көтергіш металл конструкциялардың қосындылары, ғимараттың қасбеті, шатыры, бассейн тостағандары назарға алынды», - делінген хабарламада.

«Қазақстан» спорт сарайы 2001 жылы пайдалануға берілген. Алайда содан бері ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

«Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, нысанға келушілер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бассейн аймағын қайта қалпына келтіргенге дейін «Қазақстан» спорт сарайының қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Бұл шара 2019 жылы 11 сәуірден бастап күшіне енді және бассейн аймағын қайта құру және қалпына келтіру жөніндегі барлық жұмыстар аяқталғанға дейін күшінде болады. Нысананың пайдалану мақсатын өзгерту және оны бұзу туралы тарап жатқан ақпарат жалған. Қала тұрғындарынан жеке азаматтар тарапынан таралып жатқан ақпаратқа сенбеуін және ақпарат таратуда заңсыз әрекеттерге жол бермеуін сұраймыз», - деп хабарлайды «Astana» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінен.

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан, Құрылыс,
Жоғары қарай