Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Елордадағы барлық әуе рейстері тоқтатылды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 00:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әуежайындағы барлық рейс тоқтатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының баспасөз хатшысы Жеңіс Ахметжановқа сілтеме жасап хабарлайды.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайдағы барлық рейстер белгісіз уақытқа тоқтатылды»,- деді ол агентік тілшісіне.

Еске салсақ, елордада ақтүтек боранға байланысты ТЖД ескерту жасады.












Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерде 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Айта кетсек, елордадағы ақтүтек боран 22 қаңтардан 23 қаңтарға қараған түні басталған еді. Ақ түтек боран мен қалың қар қалада қозғалысты ауырлатып жіберді.


Сондай-ақ, 27 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждің барлық курс студенттері үшін сабақ болмайды.




Автор Гүлсая Жақан
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Ауа райы,
Жоғары қарай