Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елордада жүннен жасалған ерекше картиналар көрмесі ашылды

2019 жылдың 14 қыркүйек 2019 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы Ұлттық музейде «География – мәдени даму бағыты» атты көрме өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ұлттық музей залы ерекше көрмемен толығып жатыр. Қазір, өздеріңіз білесіздер, еліміз сән-салтанаты асып тұрған уақытта өңірлердегі жас таланттарға өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасауда. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымыз қайта жаңғырып, дәріптелуде. Бүгінгі көрме - соның көрінісі», - деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.





Аталған көрменің авторы - ағайынды Аңқауовтар. Қостанай облысының тумалары киізден сурет салу өнерін осыдан 8 жыл бұрын бастаған. Олар өз шығармаларында қой жүнінің ерекше техникамен өңделген түрін кеңінен қолданады. Олар қолданған жаңа технологиялық бағыт – киізді кескіндеме жағынан көрсету.








Сонымен қатар, аталған көрмеге еліміздің түрлі аймақтарындағы шеберлердің киіз бен гобеленнен жасаған еңбектері, «Arlan Design» сурет галереясының туындылары, Қазақ Ұлттық өнер университетінің педагогтары мен студенттерінің шығармалары ұсынылып отыр.

Көрме 30 қыркүйекке дейін жалғасады.





























Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай