Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елордада жолақы бір ай 45 теңге болады

2019 жылдың 18 қараша 2019 09:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалықтар мен қала қонақтары қоғамдық көлік қызметі үшін бір ай 45 теңгеден төлей алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолақыны 50% жеңілдікпен SMS және QR-код арқылы төлей аласыз. Акция 18 қарашадан басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады», - деп мәлім етті «Astana LRT» компаниясынан.

Мұндай акцияны ұялы байланыс операторларының бірі ұсынып отыр.

Атап айтқанда, төлемді SMS немесе QR-код арқылы жасаған кезде телефон нөмірінен жол жүру билетінің толық сомасы – 90 теңге шегеріледі. Кейін балансқа 45 теңге қайтарылады. Жолақыны төлеу үшін шотта кем дегенде 91 теңге болуы тиіс.

«45 теңгемен автобуста күніне екі рет жүре аласыз. Ал үшінші және одан арғы сапарларыңыз үшін стандартты – 90 теңге төлейсіз. Акция тек қалалық бағыттарда жүреді. Бағасы 180 теңге болатын экспресс-маршруттарда, сондай-ақ ақысы 90, 200, 300 және 400 теңгелік қаламаңы маршруттарында жеңілдік қарастырылмаған», - деп нақтылады «Astana LRT»-дан.

Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай