Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елордада жастарға арналған «True or False» жобасы басталды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда «True or False» жобасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«True or False» жобасы жастардың ақпараттық сауатын дамытуға бағытталған. Жоба аясында мектеп ашылады, мектептің мақсаты – жастардың бойында киберкеңістіктегі ақпаратты дұрыс талдау, жалған ақпаратты ажырату және сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Қазан айынан қараша айына дейін Нұр-Сұлтан қаласында 14-29 жас аралығындағы 150 қатысушы үшін тренингтер өткізіледі.

Тренингтерді IT, киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласының жетекші сарапшылары өткізеді.

Қатысушыларды тіркеу 3 қазанға дейін ашық. Толық ақпаратты жобаның Instagram аккаунтынан немесе +7 705 560 5087 нөміріне хабарласып білуге болады.

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп адап өтті басқармадан.

Жобаның ұйымдастырушысы - республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы. Серіктесі - «Еуразиялық мониторинг» аналитикалық зерттеу орталығы.

Жоғары қарай