Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Елордада жасалған қылмыстар саны төмендеді

2019 жылдың 10 тамыз 2019 18:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада полиция департаменті кешенді күштері мен құралдарын гарнизондық қызмет орнына тарату шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаметке сілтеме жасап.

Гарнизондық қызмет орнына таратуды өткізу барысында елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов кезекшілік тәулікте қызмет атқаруға шығатын жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін күзетуді қамтамасыз етуге қойылған міндеттерді орындауға әзірлігін тексерді.

Елордада қызмет атқару елордалық полиция қызметкерлеріне ерекше жауапкершілік жүктейді. Қызмет орнына таратуға қатысқан Департаменттің саптық қызметтері мен жедел бөліністерін тексере отырып елордалық полиция басшысы Ержан Саденов полицейлердің келіп түскен арыздар мен өтініштерге мұқият болуына, сондай-ақ азаматтармен мәдениетті және сыпайы қарым-қатынас жасауына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, елорданың тұрғындары мен қонақтары өздерін қауіпсіз сезінуі тиіс екендігін атап өтті.




Кешенді күштер мен құралдарды гарнизондық қызмет орнына тарату аяқталғаннан кейін полицейлер қызмет атқаруға кіріседі. Осылайша, елорда полицейлерінің 50 пайызға жуығын құрайтын полиция жаяу жасағы қала көшелерін, тұрғын үй алаптарын, парк аймақтарын, сондай-ақ көңіл көтеру мекемелері орналасқан орындарды патрульдеуге шығады.




Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде жылдың басынан бастап барлық бағыттар бойынша қылмыстардың саны 19 %-ға төмендеді (қарақшылық - 60%, адам өлтіру - 47%, тонау - 21%, зорлау – 8,6%, ұрлық – 24,7%, бұзақылық -51%).

Полиция жаяу жасағының тиімді қызметінің арқасында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде қылмыстар саны 24 %-ға, кәмелетке толмағандар арасында 23 %-ға, алкогольді масаң күйде жасалған қылмыстар 22 %-ға төмендеді.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіптің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, көшелерде, аулаларда және өзге де қоғамдық орындарда құқық бұзышылықтардың алдын алу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында «Қауіпсіз аула», «Тұрмыс», «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі.

«Қауіпсіз аула» ЖАШ аясында учаскелік полиция инспекторлары ПИК өкілдерімен бірлесіп тұрғын үй кешендері мен көппәтерлі үйлердің аулаларында тұрғындарды мобильді қабылдауды жүргізеді.

ЖАШ басталғаннан бастап аулаларда 41 қабылдау ұйымдастырылып, өткізілді, оның барысында 246 азамат жүгініп, 287 өтініш пен арыз келіп түскен.

Барлық арыздар мен өтініштер бойынша полиция қызметкерлері шара қабылдап, 113 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды, құзыретті мемлекеттік органдарға 39 ақпарат жолданды.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай