Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Елордада велоспорттан өтіп жатқан жарысқа 300-ге жуық бала қатысуда

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Олимпиада үміті» атты 5-6 жастағы балалар арасында велосипед спорт түрінен Гран-при басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жарыстың талабы барлық қатысушыларға бірдей. Балалар 4 санат бойынша сайысқа түседі. Яғни, 5 жастағы ұлдар бөлек, қыздар бөлек және 6 жастағы ұлдар мен қыздар бөлек топ болып сынға түседі. Жалпы жыл санап қатысушылардың саны артып келеді, алғаш 2016 жылы өткізгенде 147 бала қатысса, биыл 280 бала қатысып отыр. Тағы бір айтып кететін жайт жарысқа қатысу тегін», - деді велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының қызметкері Динара Аубакирова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған бәсекеге барлық ниеттілер қатыса алады, ол үшін баланың туу туралы куәлігі, медициналық анықтама және ата-анасының атынан өтініш болуы керек.

«Осымен үшінші жыл өтіп жатқан шараның мақсаты – балаларды спортқа оның ішінде велоспортқа баулу. Одан бөлек, бізде қазір балаларды велоспортпен кәсіби дайындау мақсатында іріктеу кезеңі өтіп жатыр. Іріктеуден өткен үздік деген балаларды арнайы сексия аясында кәсіби мамандар дайындайтын болады», - деді ол.

«Олимпиада үміті» велоспорт жарысының жеңімпаздарына І орынға велосипед, ІІ орынға шығыршықты коньки, ІІІ орынға шлем табыс етіледі.

Сондай-ақ, ынталандыру ретінде демеушілердің сыйлықтары қарастырылған.


Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай