Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордада сабақтардың өткізілмейтінін қайдан білуге болады

2019 жылдың 18 қараша 2019 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райына байланысты сабақтар болмайтыны жөнінде ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері таратады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі ауа райының жағдайын ескере отырып, сабақтар болмайтын жағдайда ақпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Білім басқармасының ресми дереккөздері арқылы таратылатынын еске саламыз», делінген басқарманың сайтында.

Ата-аналарға ауа-райы туралы деректерді анықтау мақсатында интернет-қосымшалар мен басқа да расталмаған дереккөздерді пайдалану ұсынылмайды.

Ақпарат төмендегі дереккөздер арқылы таратылады: 1) Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметінен келіп түскен SMS хабарлама; 2) iKOMEK109 қалалық орталығы (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильді қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу); 3) Қалалық Білім басқармасының ресми сайты. 4) Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының ресми Facebook-тегі парақшасы. 5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 6) Smart Astana қосымшасы (мобильді қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай