Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Елордада психо-неврологиялық диспансерден қашқан ер адам іздестіріліп жатыр

2019 жылдың 9 қазан 2019 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері психо-неврологиялық диспансерден қашып кеткен күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«9 қазан күні сағат 12.22 шамасында Жансүгіров көшесі бойындағы психо-неврологиялық диспансерден ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша айыпталған ер адам қашты. Тергеу бойынша ұсталған ер адамды іздеуге қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды», - делінген департаменттің хабарламасында.

Құқық қорғаушылар күдіктіні көрген адамдар болса 71-60-10, немесе 8(7172) 71-60-07, 71-60-29, 71-60-22, 71-63-29, 87018808070, 87789508176 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Қашып жүрген ер адамның бойы 175-180 см шамасында. Шашы қара, қысқа қиылған. Көзі қара. Қара күртеше киген. Үстіне «Italiy» жазуы бар «толстовка» бар. Басына қара түсті спорттық бас киім, бұтына қаракөк трико, аяғына қара туфли киген.

Жоғары қарай