Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Елордада полицейлер карантин режимін қасақана бұзған ер адамды ұстады

2020 жылдың 3 сәуір 2020 08:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері карантин режимін қасақана бұзған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Елорда полицейлері Бабатайұлы көшесінде көлік құралдарының қозғалысын тексеру кезінде жүргізушісі карантин режимін бұзған «Audi» маркалы көлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларының құжат көрсету талабын орындамаған жүргізуші үйден не үшін шыққанын түсіндіре алмады. Жүргізуші көлігінің бір күнде бірнеше рет тоқтатылғанын айтқан. Алайда ол режим бұзуды тоқтатпаған. Мән-жайды анықтау үшін тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыны аудандық полиция бөліміне жеткізді», - делінген хабарламада.

31 жастағы қала тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы («Төтенше жағдай режимін бұзу») бойынша әкімшілік жазаға тартылғаны айтылады. Ер адам мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен қамауға алынды.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі 19 наурыздан бастап енгізілген.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Заң, Коронавирус,
Жоғары қарай