Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 448.52
EUR 490.32
RUB 5.69
CNY 63.23

Елордада мемлекеттік концерттік ұйымдардың республикалық орталығы ашылды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 12:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Концерттік-гастрольдік қызмет бойынша мемлекеттік концерттік ұйымдардың республикалық орталығы ашылды.

Ал жұмысы өнімді болуы үшін мемлекеттік концерттік ұйымдардың сайты ашылды.

Бұл туралы орталықтың ашылу рәсімінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және республикалық, облыстық мәдениет ұйымдарының өкілдері қатысты.

«Бүгінгі шара аясында ұсыныстарыңызды, болашақта бірігіп жұмыс істеуге қатысты идеяларыңызды айта аласыздар. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бұл орталықты өнер ұжымдарының республикалық және халықаралық гастрольдерін жоғары дәрежеде жүзеге асыру, сапалы концерттік іс-шаралардың еліміздің барлық өңірлеріне, оның ішінде шалғай жатқан аудандар және ауылдық мекендерге қолжетімді ету мақсатында құрып отыр», - дейді Ақтоты Райымқұлова.

«Қазақконцерт» МКЗ директоры Жеңіс Сейдоллаұлының айтуынша, концерттік ұйымдардың жұмысы өнімді болуы үшін арнайы сайт ашылған.

«Ол сайттан әр концерттік ұйым өзі туралы мәліметтерді, сондай-ақ гастрольдік сапарлар мен концерттік бағдарламалардың кестесін жариялайды», - деді ол.


Жоғары қарай