Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Елордада МӘМС жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады

2019 жылдың 22 қазан 2019 16:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы емханаларда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры емханаларға жарналарды аудару мәселесін пысықтап жатыр. Яғни, кез келген азамат емханаға барған кезінде айлық жарнаны сол терминал арқылы төлей алады. Бұл терминал өзін өзі жұмыспен қамтығандарға қатысты. Сома – 2250 теңгені құрайды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қоғамдық кеңес отырысында.

Басқарма басшысының айтуына қарағанда, жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына 26 млрд теңге аударған. Бұл сома 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2019 жылдың 30 қыркүйегі аралығында жиналып отыр.

«1 қарашаға дейін терминалдар барлық емханаларда орнатылады», - деді ол.

Еске сала кетсек, өткен айда Сәуле Қисықова әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында 1 миллионнан астам елорда тұрғыны МӘМС-ге жарна аударып отырғанын мәлім еткен еді.

Жоғары қарай