Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді

2019 жылдың 7 қазан 2019 12:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық азамат отбасылық жанжал салдарынан әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қазан күні сағат шамамен 11.40-та полицияға қоғамдық көлік аялдамасында (Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы ауданы) денесінде күйік шалу белгілері бар әйелдің отырғандығы туралы ақпарат түсті. Әйел ауруханаға жеткізіліп, жатқызылды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері күдікті ретінде әйелдің 43 жастағы күйеуін ұстады», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Департамент мәліметінше, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін тасалау жерге апарып, үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

«Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындап отыр. Ол Нұр-Сұлтан қалалық ПД уақытша оқшаулағышына қамалды», - деп атап өтті ведомстводан.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай