Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Елордада көше билерінен халықаралық фестиваль өтеді

2019 жылдың 12 маусым 2019 07:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5-6 шілдеде елорданың орталық алаңында көше билерінен «International Street Dance Session» халықаралық фестиваль өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Елорда күніне орайластырылған керемет шаралардың бірі биыл оныншы мәрте ұйымдастырылады. Жыл сайын фестивальде тәжірибе алмасу және би мәдениетін дамыту мақсатында мыңдаған өнер иесі бас қосады. Биыл жарыста 32 номинация болады, шараға Қазақстаннан және шет мемлекеттерден үздік заманауи хореографтар мен бишілер жиналады.

«International Street Dance Session» шеңберінде бишілер арасында командалық және жеке сайыстар өткізіледі. Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер және басқа да жұлдыздармен жұмыс істеген әлемдік хореографтар қатысушылардың өнерін бағалайтын болады»,- деп көрсетеді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Басты сөздер: Өнер, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай