Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Елордада көпқабатты үй жанып, 4 бала ауруханаға түсті

2019 жылдың 28 сәуір 2019 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен 5 адам зардап шекті, оның төртеуі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 сәуір күні сағат 09.58-де «101» Орталық пунктіне Ш.Құдайбердіұлы 17/6 мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері 6 минуттан кейін жетіп, 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздар, төбе жабындысы жанып жатқанын анықтады. Жалын шарпыған аумақ 8 шаршы метрді құрады. Өрт сағат 10.10-да ауыздықталды», - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Оқиға салдарынан 31 жастағы әйел, 7 жасар ұл бала, 2 және 5 жастағы үш қыз бала көмірқышқыл газына уланып, ауруханаға жеткізілді.

«Өрттің шығу себебі анықталуда. Барлығы 7 техника мен жеке құрамның 26 адамы жұмылдырылды», - деді ТЖД-дан.

Жоғары қарай