Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Елордада көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табыс етілді

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 21:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Жаулыбаевтың төрағалығымен аудандағы көпбалалы аналар салтанатты түрде «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күніне орай астаналық 6 және одан да көп баласы бар аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды. Осылайша, «Алтын алқа» белгісімен көпбалалы ана Гүлжан Оспанбаева марапатталса, одан бөлек 14 анаға «Күміс алқа» белгісі салтанатты түрде берілді. Сонымен қатар, алқа иегерлері арнайы сыйлықтарға да ие болды.

Іс-шараға қатысқан қонақтар арасында көп балалы аналардың жақын туыстары да болды. Қонаққа келген ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ баталарын берді. Сондай-ақ, олар жас ұрпаққа өздерінің өмірлік өнегелерін айтып, құнды кеңестерімен бөлісті.










Жоғары қарай