Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Елордада Катамнез орталығы ашылды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 21:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін қаладағы №2 көп бейінді аурухана жанынан Катамнез орталығы ашылды, деп хабарлайда Елорда Инфо тілшісі.

Туабітті ақаумен немесе уақытынан ерте өмірге келетін сәбилерді күтіп-бағуға арналған кабинеттер бұл мекемеде төрт жылдан бері жұмыс істеп келген. Енді осы салада белгілі бір жобалармен айналысып, халыққа неғұрлым көбірек көмек көрсету үшін оларды жеке орталық ретінде қайта құру қажеттігі туған.

«2008 жылдан бері жүктіліктің 22-аптасында, яғни, алты айлығында өмірге келген салмағы кемінде 500 грамдық шақалақтардың бәрі Қазақстан Республикасының азаматы болып есептеледі. Өкінішке қарай, сондай нәрестелердің әрі қарай жетіліп, адам болып кетуі - өте қиын. Оларды күтіп-бағу үшін үлкен еңбек пен шыдам керек. Соны ескеріп, төрт жыл бұрын осы ауруханада катамнез кабинеттерін ашқан едік. Онда біздің дәрігерлер мен медбикелер сәбилерді бір жасқа толғанынша тұрақты түрде қадағалап, нәрестелер арасындағы өлім-жітім мен мүгедектік көрсеткіштерін төмендетуге барын салған. Енді осы тәжірибе негізінде жеке Катамнез орталығын құрып, онда нәрестелерді күтіп-бағып қана қоймай, аналарды үйрету бойынша да жұмыстар атқармақшымыз», - дейді Катамнез орталығының директоры, дәрігер-неанотолог Балжан Тәтібекова.

Оның айтуынша, орталық әзірге ақылы түрде қызмет көрсетеді.

«Қызмет көрсету бағасы қолжетімді - жылына 250 мың теңге. Бұл баға кейде дәрі-дәрмекпен де кетіп қалып жатады. Ал біздің орталықта сәбилерге дәрі-дәрмек жазып бермейді, оның орнына басқаша әдістермен емдеу шаралары қолға алынады. Алдағы уақытта квота бойынша ақысыз емделу мүмкіндіктерін де қарастырамыз», - дейді ол.

Айта кетейік, катамнез кабинеттері ашылғалы бері төрт жылдың ішінде мұнда 3 жарым мыңға жуық нәресте ем алып, үйлеріне шыққан. Оның 40 пайызы мерзімінен бұрын өмірге келген балалар екен.

Басты сөздер: Медицина, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай