Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Елордада іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды

2019 жылдың 25 сәуір 2019 21:46 921

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Профилактикалық іс-шараның 1 күндік қорытындысы бойынша елорда полицейлері 30-ға жуық қылмысты ашып, іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ көшелерде және елорданың басқа да қоғамдық орындарында тиісті құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында өткізіледі.

«Профилактикалық іс-шараның 1 күндік қорытындысы бойынша елорда полицейлерімен 30-ға жуық қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұсталды. Одан бөлек 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық оқиғасы анықталды. Оның ішінде 100-ден астамы алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін, сонымен қатар ұсақ бұзақылықтың 30 фактісі мен Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруы бойынша 100-ден астам құқықбұзушылық анықталды», - делінген департамент хабарламасында.

Сонымен қатар аталған шара аясында бұрын сотты болған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды. Анықталғандай, күдікті пәтер тонау әрекетін жасаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы орайда Полиция департаменті қоғамдық орындарда қылмыс немесе құқық бұзушылық жасау фактілеріне куәгер болғандарды немесе қандай да бір ақпаратт, маңызды мәліметтерді білетін қала тұрғындарын Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша  немесе 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

 

 

Жоғары қарай