Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордада иесіз ит-мысықтардың көрме-жәрмеңкесі өтті

2019 жылдың 10 тамыз 2019 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада иесіз иттер мен мысықтардың көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара мақсаты – үй жануарларына сенімді қожайын тауып, бұл мәселеге азаматтардың көңілін аударту.





Келушілердің назарына 25 ит пен 15 мысық ұсынылды. Сондай ақ, уақытша баспанадағы иесіз өзге де жануарлардың суреттері көрсетілді.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңке елордада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жолғы шара нәтижесінде қараусыз қалған 60 ит пен мысық жаңа иесін тапты.





Нұр-Сұлтан қаласында қаңғыбас және қараусыз қалған жануарларға арналған уақытша баспана 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл жерді 700-ге жуық ит, 60-тан астам мысық пана еткен. Аталған жануарлардың барлығы карантин, вакцинациялаудан өтіп, бүгінде ветеринарлардың бақылауында.

Шара ұйымдастырушылары - «Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ, «Астана ветсервис» КМ және жанаулардың құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері.







Толық фоторепортажды мына жерден көруге болады.
Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай