Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Елордада екінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері оқымайды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 10:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 қаңтар күні ауа райының бұзылуына байланысты қала мектептерінде екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері оқымайды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының ақпаратында.

Айта кетейік, елордада бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптар мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін оқу процесі тоқтатылған болатын. Сондай-ақ, қалаға іргелес Ақмола облысында бастауыш сынып оқушылары мектепке бармады.

Кеше елордада екінші ауысымдағы оқушылар оқыған жоқ.

Синоптиктер 22-24 қаңтар күндері бас қалада ауа райы бұзылатыны жөнінде ескерткен болатын.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай