Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды

2020 жылдың 19 ақпан 2020 11:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«19.02.2020 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің ЕКІНШІ ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, таңертең бірінші ауысымдағы мектеп оқушыларына және 1-2 курс колледж студенттеріне де сабақ тоқтатылған еді.


Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай