Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Елордада екі қабатты үй өртеніп, бір адам зардап шекті

2019 жылдың 24 маусым 2019 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың Сарыарқа ауданына қарасты Медеу көшесінде қос қабатты жатахана өртеніп, әйел адамды күйік шалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кешкі сағат 20.00 шамасында болған. Өрт сөндірушілер келгенде жатақхананың шатыры жанып жатқан. Қызыл жалын жатақханаға жапсарлас тұрған үйге де жайыла жаздаған.

«Сағат 20.12-де өрт ауыздықталып, 20.45-те толық сөндірілді. Жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Күйік шалған 1977 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды. Жалынды ауыздықтауға елордалық төтенше жағдайлар департаментінен 23 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген төтенше жағдайлар комитеті таратқан ақпаратта.




null

Жоғары қарай