Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Елордада досымен бірге қыз зорлаған жігіт 11 жылға сотталды

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 18:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының соты досымен бірге қыз зорлаған жігітке қатысты үкім шығарды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2017 жылдың 23 маусымында А және И жалдамалы пәтерде алдын ала сөз байласа отырып, С-ға қатысты күш көрсету арқылы жыныстық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған болатын. Оны өліммен қорқыту кезінде абайсыздық салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келген. Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотының 2018 жылғы 18 қаңтардағы үкімі бойынша күдіктінің сыбайласы жасаған қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл кезде ол халықаралық іздеуде болды. 2019 жылдың 17 қыркүйегінде сот бұл істегі екінші фигурантқа қатысты айыптау үкімін шығарды. Судья үкімімен күдік А қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылды. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына, 121-бабының 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, оған 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесінде өтеледі. Үкім күшіне енген жоқ», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз ақпаратында.


Жоғары қарай