Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордада дөнер дүңгіршегін тонамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

2019 жылдың 10 қазан 2019 16:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері ұрыларды видеокамера арқылы ұстаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 қазан күні түнгі уақытта Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің Жедел басқарма орталығының инспекторлары камерадан терезе арқылы донер дүңгіршегіне кіріп бара жатқан ер адамды көріп қалады. ЖБО инспекторлары оқиға орнына бірден полиция жасағын жіберген. Санаулы минуттар ішінде тәртіп сақшылары әлгі жерден ер адам мен оның әйелін ұстап алды», - деп хабарлайды департаменттен.

Ұсталғандар бірден «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына жеткізілген. Жауап алу барысында 26 жастағы жігіттің әйелімен бірге мас болып жүріп, дүңгіршекті тонамақ болғаны анықталып отыр.

Қазіргі уақытта ұсақ дәрежедегі тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай