Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада Димаш Құдайбергеновке арналған көрме ашылды

2019 жылдың 28 маусым 2019 18:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордадағы «Мәңгілік ел» қақпасының галереясында Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті қарсаңында әншінің шығармашылығына арналған көркемдік жұмыстар көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге кәсіпқой және әуесқой суретшілер, таяу және қиыр шет мемлекеттердің сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қатысуда. Олардың қатарында Қытай, Финляндия, Түркия, Сирия, Швеция, Аргентина, Америка, Ресейдің Мәскеу, Луганск, Кемерово, Якутск, Грозный қалаларының өкілдері бар. Бұдан басқа, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, Қазақстанның түрлі өңірлерінен көркем өнер жоғары оқу орындарының студенттері жобаға атсалысуда.



null

Сонымен қатар, экспозицияға израильдік ақын Ефим Ташлицкийдің «Слушая Димаша» атты өлеңдер жинағы мен қазақстандық жазушы Дария Жұмагелдинованың «Мальчик и соловей» ертегісі қойылған.

Көрме 29 шілдеге дейін жалғасады. «Мәңгілік ел» қақпасына кіру құны ересектер үшін 500 теңге. Балалар үшін - 350 теңге (7 жасқа дейінгі балалар үшін кіру - тегін), студенттер мен жеңілдігі бар азаматтар санаттары үшін 250 теңге.



null

Еске салайық, Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті еліміздің бас қаласында ертең, 29 маусымда, «Астана Арена» стадионында өтеді. Димаштың «Арнау» атты шоу-бағдарламасы Елорда күніне орайластырылған.




null

Жоғары қарай