Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Елордада цифрлық белсенділік үшін сыйлықтар беріледі

2019 жылдың 17 қазан 2019 11:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Нұр-Сұлтанда «Белсенді тұрғын» науқаны басталды. Соның арқасында қала тұрғындары тегін концертке бара алады немесе балмұздақ ала алады. Бұл жөнінде әкімнің орынбасары Малика Бектұрова Telegram парақшасында жазды деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Құрметті тұрғындар, цифрлық мүмкіндіктерді пайдаланып, тегін концертке барғыңыз немесе балмұздақ алғыңыз келеді ме? «Smart Astana» мобильдік қолданбасына кіріңіз де, «Белсенді тұрғын» бөлімінде сауалнамаға жауап беріңіз және виртуалды ұпайдың орнына сыйлықтар алыңыз!« - деп атап өтті М.Бектұрова.

Яғни, 200 ұпай жинау үшін, мәселен, «Атамекен» ҰКП бизнестің және үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау жөніндегі сауалнамасын толтыру қажет.

«Біз сыйлықтар тарата бастадық. Ең белсенді тұрғындар қазірден концерт залдарына барып, ЛРТ карталарын толықтырып жатыр, кәдесыйларды тегін алуда. Осы эстафетаға сіз де қосылыңыз!» - деп атап өтті Малика Бектұрова.

Концертке билеттер мен балмұздақтан басқа, цифрлық ұпайларды елорда логотипі бейнеленген ыдыс-аяққа, фирмалық футболкаға және көптеген басқа заттарға алмастыруға болады.




Сыйлықтарды мына мекенжай бойынша ала аласыздар: Сауран көшесі, 46, Speedspace Nur-Sultan, сағат 10-нан кешкі 6-ға дейін.

Сонымен бірге, М.Бектұрова жақын арада қала тұрғындарын «ерекше сыйлықтар» күтіп тұрғанын, ал «белсенді тұрғын» ұпайларын қазірден жинақтай берген жөн екенін айрықша атап өтті.




Жоғары қарай