Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

2019 жылдың 21 мамыр 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде 80-нен астам жұмыс беруші 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

22 мамырда сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін халықты жұмыспен қамту орталығы «Жастар» сарайында жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өз алаңында елорданың 80-нен астам жұмыс берушісінің басын қосады. Олар 1 мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынбақ.

Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады. Оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасынан өту, сондай-ақ халықтың нысаналы топтарының тұлғаларына әлеуметтік жұмыс орындары мәселесі бойынша ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылады.

Сонымен қатар, ниет білдірушілер жұмыспен қамту орталығының мамандарынан қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өту мәселелері бойынша кеңес ала алады.

Жоғары қарай