Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Елордада бокстан Президент кубогі өтеді

2019 жылдың 25 маусым 2019 07:53 2312

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат  - 15-25-шілде аралығында Нұр-Сұлтан қаласында бокстан Президент кубогі өтеді.  Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев  айтты.

«Дәл қазір Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. 15-25-шілде аралығында елордада Президент кубогі өтеді. 2 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласына жиналатын боламыз», - деді бас бапкер.

Сондай-ақ ол байрақты додаға қазақ боксшыларынан бөлек, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей, барлығы оннан астам елдің ең мықты спортшылары келетінін атап өтті. Президент кубогі боксшылар үшін жаңа салмақ дәрежелері бойынша өтпек.

Айта кетейік, ХОК бокстан Олимпиада бағдарламасына енетін салмақ дәрежелеріне өзгерістер енгізген болатын. Нақтылап айтар болсақ, Токио Олимпиадасында ерлер - 8, әйелдер 5 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.  Ерлер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және +91 келі. Ал әйелдер арасындағы олимпиадалық салмақ дәрежелері: 51, 57, 60, 69 және 75 келі.

 

 

Жоғары қарай