Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Елордада «Біз біргеміз» челленджі басталды

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 03:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жастар тұрғындарды ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Волонтерлер аталмыш челленджді бастау идеясын қалың қардың түсуі мен коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетумен байланыстырады.





Бүгінгі күннің өзінде елорда еріктілерін белгілі әзіл-сықақшы, тележүргізушісі Тұрсынбек Қабатов, журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай, «Назар аудар» театрының әртістері қолдады.


«Біздің қаламыз, еліміз - ол біздің үлкен үйіміз. Әр азамат қала тазалығына үлесін қосу керек. Біз коммуналдық қызметкерлерге осылай көмектескіміз келеді. Бүгін біраз қалың қар түсті. Біз бұл бастаманы қолдаймыз және де басқа әріптестерімізді бізді қолдауға шақырамыз», - деді Тұрсынбек Қабатов. Сонымен қатар, ол эстафетаны «Формат» тобына, «А.И.» музыкалық-театр орталығы мен «Астана» футбол клубына табыс етті.




Бұл орайда қар тазалау бойынша акцияны волонтерлер үнемі өткізіп тұратындығын айта кеткен жөн.

Естеріңізге салсақ, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2020 жыл «Волонтерлер жылы» болып жарияланған болатын.


Жоғары қарай