Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елордада бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды

2019 жылдың 20 қараша 2019 06:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда мектептерінде 0-ден 9-ыншы сыныпқа дейін сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру мүмкіндігінің шектеулігі) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады Білім басқармасынан.

Синоптиктердің мәліметінше, осы уақытта Нұр-Сұлтанда -27 градус аяз тұр.

Айта кетейік, ауа райына байланысты оқу процесінің тоқтатылғаны жөнінде ақпаратты келесі дереккөздерден білуге болады: 1) Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің SMS-хабарламасы; 2) iKOMEK109 қалалық орталығының (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильдік қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу) ақпараты; 3) Қалалық Білім басқармасының ресми сайты. 4) Білім басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасы. 5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 6) Smart Astana қосымшасы (мобильдік қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Сондай-ақ ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Darmen» мобильдік қосымшасын іске қосқан болатын. Онда сабақтардың тоқтатылғаны жөніндегі хабарламардан бөлек, дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қатерлер, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағындағы профилактикалық және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат жедел түрде таратылады.




Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай