Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

2019 жылдың 21 қазан 2019 22:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда бастауыш сынып оқушылары төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«18 қазан күні қаладағы #31 мектептің 4-сынып оқушылары арасында кикілжің туындап, арты төбелеске ұласқан. Балалар сынып жетекшісін шақырғаннан соң барлығы сыныпқа кіріп түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сабақтарына оралды», - деді қалалық білім басқармасы.

Келесі күні мектеп әкімшілігі орын алған оқиға бойынша балалардың ата-аналары және мектеп психологінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

«Кездесу барысында ата-аналар зардап шеккен тараптан кешірім сұрап, татуласуға келді. Ал екі оқушы мектепішілік есепке алынды. Сонымен қатар, келесі күні төбелестің зардап шеккен бір оқушы ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Зардап шеккен баланың ата-анасы ювеналды полицияға шағым жазды. № 31 мектептің әкімшілігіне оқушылармен жеке жұмыстарды күшейтуді және осы сыныпты қатаң бақылауға алу тапсырылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, хабарламада төбелескен оқушылардың сынып жетекшісіне тәртіптік жаза қолданылғаны айтылған.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай