Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Елордада балаға дөрекілік танытқан тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалды

2019 жылдың 8 қараша 2019 18:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дөрекілік танытқан. Тәрбиешінің балаға дауыс көтеріп, орындыққа жұлқып отырғызғаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеороликті блогер Айда Жексен өзінің Telegram-каналына жариялады.

Видеодан тәрбиешінің қыз баланы қолынан ұстап, орындыққа жұлқып отырғызғанын көруге болады.

«Тез тұр! Тіптен тыңдамайсың! Мында отыр, саған айтып тұрмын!», - деп, дауыс көтереді тәрбиеші қыз балаға.

Тәрбиешісінің дауыс көтеріп, жұлқылағанына шыдамаған қыз бала жылап жіберген. Одан кейін педагог өзін видеоға түсіріп тұрғанын байқап қалған.

Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы баспасөз қызметі дөрекілік көрсеткен тәрбиеші уақытша жұмыстан шығарылғанын айтты.

«Қазіргі уақытта тәрбиеші жұмыстан уақытша босатылды. Мектепке дейінгі мекемеде видеоматериал негізінде қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәрбиешіге де, балабақша басшылығына да қатысты тиісті шаралар қолданылады», - дейді баспасөз қызметі.

Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай