Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елордада автомобиль аударылып қалды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 11:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үш жеңіл көлік соқтығысқан жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Лексус RX 350» маркалы автокөлік жүргізушісі Мәңгілік Ел даңғылындағы №37 үйдің ауласынан шығып келе жатып, жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен Мәңгілік Ел даңғылымен Керей Жәнібек хандар көшесі жағынан Ұлы Дала көшесіне қарай бет алған «Тойота» маркалы көлікпен соқтығысты», - делінген хабарламада.

Соқтығыстан кейін, «Тойота» маркалы көлік инерция бойынша сол бағытпен келе жатқан тағы бір «Тойота» маркалы көлігімен соқтығысып, аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан аударылып қалған «Тойота» маркалы көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Аталған факті бойынша сот медициналық сараптама тағайындалды. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


Басты сөздер: Көлік, ҚР ІІМ, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай