Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Елордада автобустарға тегін ауысып отыру жеңілдігіне өзгеріс енгізілді

2020 жылдың 27 ақпан 2020 22:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «City Transportation Systems» («Астана LRT») компаниясы Нұр-Сұлтанда бір автобустан екіншісіне бір сағат ішінде тегін ауысып отыру тәртібіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек бұған дейін қоғамдық көліктер жүйесі бойынша жаңа тарифтер күшіне енетінін хабарлаған едік. Сонымен қатар жаңа жүйе бойынша 60 минут ішінде бір рет ауысып отыру мүмкіндігі екі тарифтің (15 сапар – 2 000 теңге және 30 сапар – 4 000 теңге) бірін қолданғанда ғана күшінде қалады.

«Жаңа тарифтік жоспарларды қалыптастыру кезінде отбасылардың қаражатына көңіл бөлінді. Оқушылар мен зейнеткерлер үшін жол жүрудің тегін болуы шығындарды айтарлықтай үнемдеуге көмектесетінін түсінеміз. Сондай-ақ, ересектерге арналған айлық жол жүруді сатып алу мүмкіндігі де назарға алынды. Ол сол 7500 теңге деңгейінде қалды», - деп хабарлайды компаниядан.

Еске сала кетсек бүгінгі көрме-конференция барысында «City Transportation Systems» басшысы Бекмырза Игенбердинов елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретінін хабарлаған еді. Сонымен қатар халықтың алты санатына кіретін азаматтарға қала маңы бағдары бойынша қоғамдық көлік тегін болады. Ол алты санаттың ішіне зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс ардагерлері, мүгедектерді алып жүрген адамдар, көпбалалы аналар және көпбалалы отбасылардың мүшелері кіреді.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай