Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Елордада автобустар соқтығысып, екі адам көз жұмды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 10:24 1587

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада екі жолаушылар автобусына үшіншісі соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл қала маңындағы бағдар, екі автобусқа үшіншісі келіп соғылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккендер бар екендігі туралы мәлімет келіп түсті. Алдын ала ақпарат бойынша мерт болған адамдар да бар», - деп жауап қайырды ресми сауалға «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Елорда полициясы көз жұмған адамдар туралы ақпаратты растады.

«Үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың себебі анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша 301-ші бағдардың жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.


null 

null 

null 

null 

 

 

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай