Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Елордада автобус аялдамасындағы апат бойынша тексеру басталды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 19:05 853

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елодада Ш. Қалдаяқов көшесі бойындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус аялдамасының бұзылуы фактісі бойынша тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша бүгін түс кезінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігі жанама жолдан шығып, Ш. Қалдаяқов көшесі бойымен келе жатқан «Bentley» көлігіне жол бермеген. Қақтығыс салдарынан «Bentley» автомашинасы екпінмен аялдамаға барып соғылды. Енді осы жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр. Осы орайда көлік жылдамдығы, «Сергек» камераларындағы мәліметтер қаралады.

«Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. «Toyota Camry» көлігін басқарған әйел адам мен оның жанындағы баланы дәрігерлер тексерді. Денсаулық жағдайларына қауіп болмағандықтан, олар үйлеріне жіберілді», - деп нақтылады баспасөз қызметінен.

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға,
Жоғары қарай