Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Елордада әскери қызметшілерге арналған жекпе-жек залы ашылды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 20:38 71

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бас қаласында әскерлердің жауынгерлік даярлық материалдық оқу-жаттығу базасын жетілдіру аясында заманауи жекпе-жек спорт залы ашылды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда жаңа нысан қазақстандық армияның қолданбалы әскери спорт түрін әрі қарай дамытуға қарқын берері анық. Жекпе-жек залында тұрақты түрде арнайы бөлімшелердің әскерлері, сондай-ақ Ақмола гарнизонының жеке құрамы спорттық жарыстарға даярлық кезінде жаттығулар жүргізетін болады.

Аталған зал көптеген жекпе-жек түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру үшін (ринг, татами, гимнастикалық жарақтар, күштік тренажерлер) боксқа, күреске, қоян-қолтық күреске, армиялық қоян-қолтық күреске қажетті құралдармен жабдықталған.





Көрермендерге арналған панорамалық қарау алаңы қарастырылған.

«Осындай спорт нысандарын салу әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене даярлығын арттыруға, сонымен қатар әскери спортты жан-жақты қолдау мене дамытуға кезекті жасалған қадам болмақ»,-делінген хабарламада.

Жоғары қарай