Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.01
EUR 420.88
RUB 5.84
CNY 54.64

Елордада апта ішінде өтетін мәдени және спорттық шаралар

2019 жылдың 22 сәуір 2019 11:53 502

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап, 22-28 сәуір аралығында өтетін мәдени және спорттық шаралар жоспарын ұсынады.

Тәуелсіздік сарайы: 22-28 сәуір аралығында «Ақанаевтар әулеті» жеке көркем көрмесі, «Әуедегі қозғалыс» қазіргі заман өнер көрмесі, Мараш Кениеваның  «Өмірім - менің өнерім» атты көрмесі, Аманат Назарқұловтың жеке көрмесі, «Ұлы дала мұрасы» атты қолданбалы өнер көрмесі, Руслан Жүнісов пен оның шәкірттерінің «Кіші пластика» атты көрмесі, «Іздер» көрмесі, Гүлнұр Әскерованың «Мөлдір рең» атты жеке көрмесі, Вадим Быковтың «Қас - қағым сәт, аялда, сен ғажапсың!» атты жеке көрмесі назарға ұсынылады.

«Жастар» сарайы: 22-28 сәуір күндері Бал көрмесі, 23 сәуірде «Көңілді және тапқырлар» ойындары, 27 cәуірде «Таңғы Шұғыла» атты балалар мен жастар шығармашылығының халықаралық фестиваль-байқауы, 28 cәуірде «Сәлем, Астана!» атты балаларға арналған республикалық фестиваль-байқауы өтеді.

«Астана-Арена» стадионы: 27 сәуірде Премьер-лига клубтары арасындағы футболдан ҚР Чемпионаты аясында сағат 15:00-де «Шахтер» ФК мен «Кайсар» ФК, сағат 19:00-де «Астана» ФК мен «Тобыл» ФК кездеседі.

Қуыршақ театры: 27, 28 cәуірде Т. Хасанғалиеваның «Орманда болған оқиға» ертегісі сахналанады.

«Астана Опера» МОБТ: 24 сәуірде Ғазиза Жұбанованың музыкасына жазылған «Қарагөз» балеті, 25 сәуірде «FORTE-TRIO» Мемлекеттік концерттік триосының «Сөзсіз әндер» концерті, 27 сәуірде Д. Россинидің «Севильдік шаштараз» екі бөлімді комедиялық операсы, 28 сәуірде «Көктем вальсі» концерті жоспарланған.

«Астана» концерт залы; 23 сәуірде «Өнер қырандары» театры, 24 сәуірде «Ұлы даламның - ұлы есімі» атты «Қорқыт» дәстүрлі саз тобының концерті, 25 сәуірде Калибек Дерипсалдиннің шығармашылық кеші, 27 сәуірде «Шалқыма» халық би ансамблінің «Атадан мұра» атты концерті ұйымдастырылады.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры: 26 сәуірде У. Шекспирдің «Отелло» трагедиясы, 27 сәуірде Г. Низамидің  «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасы, 28 сәуірде О. Жанайдаровтың «Жұт» спектаклі ұсынылады.

«Қазақстан» ОКЗ: 25 сәуірде Құрмаш Махановтың «Өмірімнің көктемі» атты концертін, 27 cәуірде  «Мәңгілік мәселелер ...» шоуын, 28 сәуірде «24 часа до мечты» қайырымдылық кино-концертін тамашалауға болады.

«Барыс» СК: 22-28 сәуірде 2006 жылы туған балалар мен жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден ҚР Чемпионатының ІV кезеңі өтеді.

«Барыс Арена»: 25 сәуірде шайбалы хоккейден Қазақстан  және Беларусь ұлттық командалары арасында, 26 сәуірде Қазақстан және Оңтүстік Корея ұлттық командалары арасында жолдастық матчтар өтеді.

«Nomad city hall» концерттік залы: 26 және 27 сәуірде У. Шекспирдің «Ричард ІІІ» трагедиясы сахналанады.

«Алау» Мұз айдыны: 23, 24 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шорт-тректен «Алау» мұз сарайының ашық біріншілігі өтеді.

«Сарыарқа» велотрегі: 23, 24 сәуірде баскетболдан 2018-2019 жж. маусымдағы ҚР ұлттық чемпионатының аясында «Астана» ПБК - «Тобыл» БК кездеседі. 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай