Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Елордада «Ана мен бала» орталығы өртенді

2019 жылдың 7 сәуір 2019 15:41 1700

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ана мен бала орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.

«7 сәуір күні сағат 13:50-де Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Тұран даңғылындағы Ана мен бала орталығындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Ғимараттың «Б» бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған.  ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайдар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды. Өрт сағат 14:04-те ауыздықталып және 14:08-де толық сөндірілді.

Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнына астаналық ТЖД 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды», - делінген ресми хабарламада.

 

 

Жоғары қарай