Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елордада Абайдың туған күніне орай поэтикалық марафон өтеді

2019 жылдың 10 тамыз 2019 08:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, ағартушы және философ Абайдың туған күніне орай поэтикалық музыкалық марафон өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, шараның мақсаты Абайдың рухани құндылықтарын, қазақтың ұлы ақынның өткені мен бүгінін бейнелейтін шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.

Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы – Абай» және «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» иллюстрациялық-кітап көрмелері, «Abai поэмалары. Өлеңдері мен аудармалары. Қара сөздер. Әндері» және «Абай-челлендж» кітаптарының тұсаукесері,Ұлы Абайдың өлеңдерін және әндерін оқу, «Құнанбай» кино көрсетілімі, «Абай ұлттың рухани гиппократы» атты дөңгелек үстел,«Абай бейнесі суреткерлер көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылады.

Бұл шара Абай Құнбайұлының мерейтойы қарсаңында өткізіліп отыр.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 30 мамырында Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ЮНЕСКО) және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (TURKSOY) қамқорлығымен өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Қ.Тоқаев: «Абай, шын мәнінде, қазақ болмысының айнасы. Ақынның дара тұлғасы – халқымыздың руханиятын әлемге танытатын теңдесі жоқ құндылық»,-деген еді.

Іс-шараға жазушы, ҚР Мемлекетттік сыйлығының және «Құрмет» орденінің иегері Қажығали Мұхаметқалиев, фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ыбыраев, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев, жазушы, публицист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алдан Смайыл, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақытжан Тобаяқов, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұрсұлтан қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәпұлы, «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Дәурен Қуат, журналист және жазушы,«Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіп, ақын, аудармашы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ғалым-хатшысы Төрегелді Рахман, танымал тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт сондай-ақ, әнші, Республикалық жыршылар байқауының лауреаты, жас жыршы Айнұр Қонысбаева, әнші, актер, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, дәстүрлі әнші, актер Асқар Мұқият, актер,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуілов, шығармашылық және зиялы қауым өкілдері, аудармашылар, әдебиеттанушылар мен әдебиет сыншылары, ғалымдар мен зерттеушілер, тарихшылар мен мәдениеттанушылар, дәстүрлі әншілер мен театр әртістері, кітапхана қызметкерлері, қала тұрғындары мен қонақтары, БАҚ өкілдері және т.б. қатысады.

ҚР ҰАК баспасөз қызметі:

Басты сөздер: #Аbai175, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай