Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Елордада 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды

2019 жылдың 19 қараша 2019 15:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада азаматтарды тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқаны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Вакцинация 7 270 медицина қызметкеріне, 33 789 балаға, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі 6000 жүкті әйелге, созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруымен ауыратын 47 281 адам қамтылған.

15 қазаннан 18 қарашаға дейін елордада тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы тұрғындарды иммундау акциясы өтті. Әкімдік жергілікті бюджет есебінен 100 мың дана «Гриппол Плюс» ресейлік вакциналар сатып алды. Тәуекел тобына жататын елорда тұрғындарына тіркелген мекен-жайы бойынша емханалардан тегін екпе жасалды.

Тұмау вирусы жөтелу немесе түшкіру кезінде жұқтырған адамнан ауа тамшыларымен, сондай-ақ қарапайым заттармен (есік тұтқалары, лифт түймелері, автобустың тұтқалары, қағаз ақша, қол сөмкелері арқылы) оңай жұғатынын айта кеткен жөн.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Медицина,
Жоғары қарай