Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Елордада 25 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылдың 24 тамыз 2019 18:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де Триатлон саябағында «Love is Marathon» жүгірісі өтеді.

9.45-те Щучинск-Бурабай шипажай аймағында VII Burabike Fest-2019 қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі басталады.

10.00-де Есіл өзенінің жағалауында Жастар жылы аясында ауқымды «KITAP FEST 2019» кітап фестивалі өтеді.

10.00-де «Жастар» сарайында Бал көрмесі өтеді.

12-00, 14-00 және 16-00-де Қуыршақтар театрында А. Салаева «Байқа жолда балақай», У. Диснейдің «Мадагаскар 3» мультфильмінің желісі бойынша қойылым көрсетіледі.

10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстанды таны» халықаралық блогерлер форумы өтеді.

18.00-де «Астана Опера» театрында Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Ғ. Байғазинованың «Ән – әйел әлемі» атты жеке концерті басталады.

Перевод Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер:
Жоғары қарай