Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Елорда тұрғындары балконда ән шырқады

2020 жылдың 22 наурыз 2020 19:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Желіде елорда тұрғындарының балконда ән шырқаған видеолары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы видеода қазақтың ұлттық киімін киген әнші халық әні «Беу-айдайды» орындаған. Кейінірек бұл бейнежазбаны «Highville Park» тұрғын үй кешенінде түсірілгені анықталды.

Бұған дейін елорда тұрғыны кәсіби музыкант Федор Селянин өз балконында гитарамен концерт берген еді.

Сондай-ақ, John Legend, «One republic» сынды әлемдік жұлдыздар #TogetherAtHome ұранымен Instagram желісі арқылы өнер көрсетті. Сол сәтте олардың концерттерін 2,5 миллионнан астам адам қараған.

Қазақстандық әншілер де #Birgemiz ұранымен Батырхан Шүкеновтың әнін орындады.

Сонымен бірге, белгілі әнші, композитор Марат Омаровтың «Коронавирус, кет, кет, кет»

атты бастамасын өзге жұлдыздар қолдап әкетті.

Коронавируспен күресте ән айтып, жігерленуді карантинде жатқан Италия тұрғындары бастаған еді. Осылайша, әлемді әлекке салған індетке қарсы күресте мойымауға шақырады.

Соңғы тәулікте Италияда аталмыш дерттен 427 адам қайтыс болған. Жалпы бұл елде көз жұмғандар саны 3405-ке жетті. Бұл Қытайда қаза тапқандар санынан 150 адамға көп. Жалпы алғанда, Италияда 41 мың адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус табылған.

22 наурыз, сағат 13:30-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 57 адам тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 23 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам.

Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантинге жабылды.




Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай