Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Елорда сақшылары «бақайшағына дейін қаруланған» жігіттің кім екенін анықтады

2019 жылдың 16 қараша 2019 14:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда сақшылары бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде видеосы тарап кеткен «бақайшығына дейін қаруланған» жігіттің кім екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде 14 қарашада тараған аталмыш видеоға қатысты Полиция департаменті жедел іздестіру шаралары барысында 24 жастағы қала тұрғынын анықтады», - деп хабарлайды қалалық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Қазір видеодағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетсек, бұған дейін «Астана-сергек» Instagram парақшасында жас жігіттің қару ұстап, «Астана біздікі» деген видеосы тараған болатын. Видеода жас жігіт бірнеше қаруды ұстап, былапыт сөздер айтады.

Жоғары қарай