Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елорда полицейлері қоқыс контейнерлерін ұрлағандарды ұстады

2019 жылдың 30 сәуір 2019 19:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана қалалық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жеке кәсіпкерлік ұйымының екі қызметкерін ұстады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Олар жұмыс уақытында қызметтік қоқыстасығыш көлікпен қала ұйымдарына тиесілі қоқыс контейнерлерін ұрлап келген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ұсталғандар қоқыс контейнерлерін оларды әрі қарай түрлі фирмаларға жалға беру мақсатында ұрлағандарын айтқан. Күдіктілер 8 қоқыс контейнерін ұрлағандарын мойындады. Заттай дәлелдер тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде («ұрлық»). Олардың бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Аталған адамдардың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен барлық меншік нысандары түрлері мекемелеріне Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-69, 71-60-10 немесе «102» телефондарына хабарласуларын сұраймыз»-делінген хабарламада.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қылмыспен күрес,
Жоғары қарай