Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Елорда атауының жазылуы өзгеріске ұшырауы мүмкін

2019 жылдың 20 наурыз 2019 19:40

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың жаңа атауы «Нұр-Сұлтан» деп жазылуы мүмкін. Мұндай ұсыныс Астана қалалық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешегі Елбасымыздың тарихи шешімі Қазақстанның қайта түлеуіне серпін беріп, үлкен өзгерістердің орын алуына жол ашты. Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы батыл бастамаларының бірі бүгінде өзінің жеке қолтаңбасына айналған елордамыз болса керек. Сондықтан бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордамыздың атын оның бас сәулетшісі ҚР-ның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атап, мәңгілік тарихқа қалдыруды ұсынды», - деп атап өтті сессияға қатысқан елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар ол елордалықтар Президент Қ.Тоқаевтың қала атауын Нұрсұлтан деп атауы ұсынысын қолдайтындығын баса айтты.

Осыдан кейін мәслихат депутаттары Астана қаласын Нұрсұлтан қаласы деп атауды ұсынысқа салып бірауыздан қолдады. Енді мәслихат қала атауын «Нұр-Сұлтан» деп жазу туралы ұсынысты Үкімет пен республикалық комиссияға жіберіп отыр.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай