Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елорда атауының өзгеруін жақсылыққа балап отырмыз - Аскер Пириев

2019 жылдың 26 наурыз 2019 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев елорда атауының өзгеруін жақсылыққа балап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Адамзаттың тарихында түрлі өзгерістер болады. Біздің Тәуелсіз Қазақстан жас мемлекет болса да, осыншама аз уақыттың ішінде ел ішінде де, сыртқы саясатта да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өзін тек мықты мемлекет болып қалыптасқан ел ретінде көрсетіп отыр. Ең бастысы, біздің Қазақстан халқы Ассамблеясы деген институтты атап өтуге болады. Неге десеңіздер, Ассамблея - әлемдегі бірегей қоғамдық институт», - дейді Аскер Пириев Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен жиында.

Ол өз сөзінде, Қазақстанды Орта Азия елдерінің локомотив ретінде өзге мемлекеттер мойындап отырғанын атап өтті.

«Біздің Елбасының салиқалы саясатының арқасында жетістерді танып, тамсанып жатқан елдер көп. Азаматтардың бәрі оған куәміз. Астанамыздың тағдыры солай: бірнеше рет аты өзгерді. Тағы да өзгеріп жатыр. Елорданың есімінің өзгеруін жақсылыққа балап отырмыз. Осынау кезеңде алға ұмтылу өте керек болды. Астана атауының әлемдік аренада бренд болып қалыптасып қалғаны айқын. Еліміздегі қандай да болсын ұйымдардың атауы да Астанамен байланысты. Тіпті ірі әлемдік компаниялар ребрендинг жасауды қолға алып жатады. Естеріңізде болса, LG компаниясы Goldstar деп аталған болатын. Бұдан LG тек ұтқанын айта кету керек. Ал бұл жағдайда біз коммерциялық ұйым емес, тұтастай, тұрақты дамыған еліміздің астанасы, Еуразияның жүрегі туралы айтып отырмыз. Менің ойымша, бәрі заңды, бәрі дұрыс. Алдағы уақытта бізді бұл бағытта мол жауапкершілік күтіп тұр. Әлбетте, талмай еңбектену керек. Әсіресе, әлеуметтік желіде көбірек жұмыс жүргізу керек. Елордамыздың танымал бола түсуіне атсалысқанымыз жөн», - дейді Аскер Пириев.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Жоғары қарай