Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Елорда әкімі өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді

2019 жылдың 19 қазан 2019 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі өңірлерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысқаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қаласындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдері келді.

Жалпы алғанда өңірлер елордаға 1 200 тоннадан астам өнім әкелді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, СҚО өнімдері таза әрі табиғи. Тауар бағасы 20%-ға төмен. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Солтүстік Қазақстан облысы жақсы өнім жинап, еліміздің көптеген облыстарына өнім экспорттауда.




Ал, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың атап өтуінше, жәрмеңкеде еттің әрбір 3-ші келісі, сүттің 3-ші литрі, жұмыртқаның 90%, құс етінің 60% елордаға облыс жеткізуде.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, елордалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне еліміздің 14 өңірі қатысты.




«Біз бірінші жәрмеңкелерді елорда күнін өткізе бастадық. Содан кейін тұрақты негізде әр сенбі мен жексенбі өткіздік. Біздің әріптестерімізге, басшыларға, облыс әкімдеріне және барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге алғысымды білдіремін. Бүгін жәрмеңке аяқталуда. Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер мерекелерде өткізіледі. 1 желтоқсан, 16 желтоқсан және жаңа жылдық мерекелер уақытында өткізілетін болады. Ең бастысы - тұрғындарды қолжетімді бағамен азық-түлікпен қамту», - деді А. Көлгінов.

Қалада 30 жәрмеңке өткізіліп, 7 мың тоннадан астам өнімдер сатылды. Оның 700 тоннадан астамы ет, 300 тоннасы сүт өнімдері, 2,5 мың тоннасы көкөніс және т.б. Өнімдер базар бағасынан 10-20% төмен саудаланған.







Жоғары қарай