Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Елорда әкімі көпбалалы отбасыларға арналған үйдің құрылысымен танысты

2019 жылдың 9 шілде 2019 02:05 1759

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үйдің құрылысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Бүгін шаһар басшысы Ә. Жангелдин, С. Рахымов және Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысында орналасқан үй-жайлар мен көлік тұрағы бар көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңына барды. 

Тұрғын үй кешеніндегі пәтер саны - 1 472, көлік тұрағындағы орындар саны - 1 021, үй-жайдың жалпы ауданы - 1700 шаршы метр. Әкім нысанның құрылыс барысы мен жобаны жүзеге асырудағы өзекті мәселелермен танысты. 

«Инженерлік инфрақұрылым жүргізу және ауланы абаттандыру жұмыстарын уақытылы аяқтау, тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып төменгі қабаттарда медициналық және мектепке дейінгі білім беру нысандарын орналастыру, Ш. Уәлиханов және С. Рахымов, көшелерінің аралығында Ә.Жангелдин көшесін салуды қарастыру туралы нақты тапсырмалар берілді», - деп жазады Алтай Көлгінов.



null

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бұл пәтерлер жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар мен еңбек жастарына тапсырылады.



null

 

 

Жоғары қарай